Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Анасы үйінде қалған: Украиналық 11 жасар бала өз бетімен Словакияға жетті

Опубликовано:

Жеткіншек
Көрнекі фото: polisia.kz

11 жасар украиналық бала өз бетімен Словакияға жеткен. Ол Запорожье қаласынан мың шақырымнан аса жолды жүріп өтіпті деп хабарлайды "Хабар 24" арнасы.

Өткен аптада Ресей әскері осы қала маңында орналасқан Еуропадағы ең үлкен атом электр станциясын басып алғаны туралы хабар тараған еді. Шабуыл кезінде станцияның бір бөлігінде өрт шыққан.

Осыдан зәресі ұшқан анасы ұлын пойызға мінгізіп, Словакияға аттандырды. Жесір әйел жүре алмайтын анасын күту үшін үйінде қалыпты.

Словакия ішкі істер министрлігінің мәлімдеуінше, шекарада 11 жасар бала қолында жазылған туыстарының телефонын көрсеткен.

Волонтерлер оны тамақтандырып, ел астанасы Братиславаға жеткізіп, туыстарына тапсырды. 

"Балама көрсеткен көмектеріңіз үшін алғысым шексіз. Біз Ресей Федерациясы атқылаған атом электр станцияға жақын тұрамыз. Мен жүре алмайтын анамды қалдырып кете алмаймын. Сондықтан ұлымды пойызға отырғызып, Словакия шекарасына жібердім. Сол жақта баламды мейірімді адамдар қарсы алды. Елдеріңіз шағын болса да, адамдарыңыздың жүрегі кең. Балаларымызға қамқор көрсетіп жүргендеріңізге көп рахмет", - дейді баланың анасы.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Украина президенті Владимир Зеленский өз Жарлығымен алты қалаға – Харьков, Чернигов, Мариуполь, Херсон, Гостомель және Вольновахаға "қаһарман қала" атағын бергені туралы хабарлаған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1959689-anasy-uiinde-qalgan-ukrainalyq-11-zasar-bala-oz-betimen-slovakiyaga-zetti/

pixel