Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде 1 сәуірден бастап Kinopark кинотеатрлар желісі жабылуы мүмкін бе: Тиісті мекеме жауап берді

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pixabay.com

Қазақстанда 1 сәуірден бастап Kinopark кинотеатрлар желісі жабылуы мүмкін деген ақпаратқа қатысты Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы Facebook әлеуметтік желісінде түсініктеме берді.

"Өздеріңіз білетіндей, кеше Kinopark және Kinoplexx кинотеатрлар желісінің басшылары 1 сәуірден бастап жабылуды жоспарлап отырғаны туралы мәлімдеме жасады. Мәлімдеменің өзі Қазақстандағы кино қауымдастығының арасында белгілі бір резонанс тудырды.

Уәкілетті мемлекеттік органдар "Голливудтың үлкен бестігі" – The Walt Disney Company, Warner Bros, Universal Studios, Sony Pictures және Paramount киностудиялары Ресейге қарсы санкциялар режиміне қосылғандығының салдарына байланысты қазіргі жағдайды зерттеп жатыр.

Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы жақын арада Мәдениет және спорт министрлігінде кинопрокат пен киножелілердің жетекші ұйымдарының басшыларымен кездесу өтетінін, онда Қазақстанның кинотеатралдық желісінің жұмысын тұрақтандыру бойынша бірқатар шаралар қаралатынын хабарлайды", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін әлеуметтік желіде Kinopark & Kinoplexx компаниясының басшысы Алмас Малдыбаевтың үндеуі тараған еді. Онда Малдыбаев елімізде кинотетарлар желісі бірінші сәуірден уақытша жабылатынын жеткізген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1959739-elimizde-1-sauirden-bastap-kinopark-kinoteatrlar-zelisi-zabyluy-mumkin-be-tiisti-mekeme-zauap-berdi/

pixel