Синоптиктер еліміздің бірнеше өңірінде дауылдық ескерту жариялады

Опубликовано:

Ауа райы
Көрнекі фото: pixabay.com

"Қазгидромет" РМК еліміздің бірнеше өңірінде ауа райына байланысты дауылдық ескерту жариялады.

Синоптиктер ұсынған ақпаратқа сәйкес, ертең, 9 наурызда Қазақстанның бірнеше өңірі мен қалаларында тұман күтіледі.

Олардың қатарында Батыс Қазақстан облысы, Қызылорда облысы, Қарағанды облысы мен Орал қаласы, Қарағанды қаласы және Жезқазған қаласы бар.

Сонымен қатар, Батыс Қазақстан облысы мен өңірдің орталығы Орал қаласында көктайғақ болуы мүмкін.

Айта кетейік, бұған дейін синоптиктер алдағы күндері Қазақстанда -25 градусқа дейін аяз күтілетінін хабарлаған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1959750-sinoptikter-elimizdin-birnese-onirinde-dauyldyq-eskertu-zariyalady/