Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ресейдің жаһандық желіден ажыратылуы Қазақстандағы интернеттің қолжетімділігіне әсер ете ме

Опубликовано:

ноутбук
Көрнекі фото: pixabay.com

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асхат Оразбеков мәжіліс кулуарында Ресей мен Украина арасындағы ахуал Қазақстандағы интернеттің қолжетімділігіне әсер ете ме деген сауалға жауап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Журналистер бұған дейін БАҚ-та Ресейдің жаһандық желіден ажыратылуына қатысты ақпарат пайда болғанын еске салды.

"Бұл бізге қалай әсер етеді?", - деп сұрады БАҚ өкілдері Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асхат Оразбековтен.

"Қазақстанда интернеттің толықтай өшірілу қаупі төніп тұрған жоқ. Бұл үшін алаңдамасаңыздар болады, өйткені Қытаймен арадағы тораптар бізге Еуропадан алатын трафикті сол көлемде алуға мүмкіндік береді... Бүгінде Қазақстанда интернетке қатысты айтарлықтай мәселелер туындамайды", - дейді вице-министр.

Еске сала кетсек, бұған дейін Ресей аумағында Twitter және Facebook әлеуметтік желісі бұғатталғанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1959833-resei-zahandyq-zeliden-azyratylsa-qazaqstanda-internetke-qauip-tonui-mumkin-be/

pixel