Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"28 градус аяз": Синоптиктер алдағы үш күнде елімізде ауа райы қандай болатынын болжады

Опубликовано:

Қар
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

"Қазгидромет" РМК 10-12 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері еліміздің солтүстігінде ауа райы жауын-шашынсыз әрі суық болады. Түнде өңірде 17-28 градус аяз күтіледі.

Еліміздің батысында қар жауып, боран соғуы ықтимал.

Ал оңтүстік өңірлерде жаңбыр жауып, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда қатты жауын-шашын, тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін. Сондай-ақ, аймақта жел соғып, күші 15-20 м/с дейін, екпіні 23-28 м/с дейін жетуі ықтимал.

Айта кетсек, бұған дейін синоптиктер 9 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынып, еліміздің бірнеше өңірінде дауылдық ескерту жариялаған болатын.

Одан бөлек, "Қазгидромет" РМК өкілдері көктемде ауа райы қандай болатынын болжаған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1959837-28-gradus-ayaz-sinoptikter-aldagy-us-kunde-elimizde-aua-raiy-qandai-bolatynyn-bolzady/

pixel