Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандықтар Ресейге ұшатын кейбір әуе рейстерінің тоқтағанына шағымданып жатыр

Опубликовано:

Ұшақ
Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қазақстандықтар Ресейге ұша алмай отыр. Ел тұрғындары Air Astana компаниясының бірқатар әуе рейсінің тоқтағанына шағымданып жатыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

NUR.KZ оқырманы редакцияға хат жіберіп, жағдайды баяндап берді.

"Соңғы тәулікте Air Astana компаниясы Ресейге ұшатын бірнеше рейсті тоқтатты. Кеше Омск, бүгін Санкт-Петербург. Адамдарда оқуға бару, ПТР тест тапсыру деген секілді проблемалар туындап жатыр... Рейстер Нұр-Сұлтан қаласынан тоқтатылды", - деді оқырман.

Әуе компаниясы бұған қатысты кейінірек түсініктеме беретінін жеткізді.

Сонымен қатар, журналист Михаил Козаков та өз Телеграм-арнасында клиенттер компаниядан рейстердің тоқтатылғаны туралы хабар алғанын жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1959857-qazaqstandyqtar-reseige-usatyn-keibir-aue-reisterdin-toqtaganyna-sagymdanuda/

pixel