Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Украинада қалып қойған қазақстандықтарды эвакуациялау үшін төртінші рейс ұшып шықты

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pixabay.com

Қазақстан азаматтарын әкелу үшін Атырау қаласындағы әуежайдан Польшаға төртінші репатриациялық рейс ұшып шықты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бұл туралы Азаматтық авиация комитеті өз Telegram арнасында жазды.

"Қазақстан азаматтары үшін төртінші репатриациялық рейс Атырау әуежайынан Катовице қаласына Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 16:02-де ұшып шықты.

Ұшақтың Катовицеге шамамен келу уақыты Катовице уақыты бойынша сағат 16:26-де (ред - Нұр-Сұлтан уақытымен 21:26-да)", - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1959909-ukrainada-qalyp-qoigan-qazaqstandyqtardy-evakuaciyalau-usin-tortinsi-reis-usyp-syqty/

pixel