Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қаңтар оқиғасы: Алматыда 41 қылмыстық іс бойынша сот үкімі шықты

Опубликовано:

сот үкімі11
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Алматыда қаңтар оқиғасына байланысты "ұрлық" дерегі бойынша қозғалған 41 қылмыстық іске қатысты сот үкімі шықты. Бұл туралы ҚазАқпарат Алматы қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қалалық соттың баспасөз хатшысы Абай Жарылқасынның мәліметінше, Алматыда қаңтар оқиғалары кезінде жасалған "ұрлық" дерегі бойынша қалалық соттарға 82 қылмыстық іс түскен.

Бүгінде 41 қылмыстық іс бойынша сот үкімі шықса, қазіргі уақытта қалған 41 қылмыстық іс қаралу үстінде дейді ол.

Абай Жарылқасынның сөзінше, айыпталған азаматтар өз кінәсін мойындап, келтірілген залалды материалдық түрде өтеген немесе ұрланған затты кері қайтарған.

"Өздерінің іс-әрекеттеріне өкінгені үшін соттар оларға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындап жатыр. Ол 2 жылдан 4 жылға дейін", - дейді қалалық соттың баспасөз хатшысы.

Айта кетейік, бұған дейін Бас прокуратураның Қылмыстық қудалау қызметінің бастығы Серік Шалабаев қаңтар оқиғасына байланысты тергеу-жедел топтары терроризм актілері, кісі өлтіру, қару ұрлау және жаппай тәртіпсіздіктер бойынша 3502 қылмыстық істі тергеп жатқанын айтқан еді.

Одан бөлек, Шалабаевтың сөзінше, бүгінгі таңда азаптау және қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану деректері бойынша 203 қылмыстық іс қозғалған, сондай-ақ, сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында ұсталғандарға қатысты заңсыз тергеу әдістерін қолданды деген күдікпен 9 қызметкер анықталып, ұсталған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1959936-qantar-oqigasy-almatyda-41-qylmystyq-is-boiynsa-sot-ukimi-syqty/

pixel