Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Украинада қалып қойған қазақстандықтарды эвакуациялаған төртінші рейс елімізге келді

Опубликовано:

Ұшақ
Көрнекі фото: piqsels.com

Украинада қалып қойған қазақстандықтарды Польшада эвакуациялаған төртінші репатриациялық рейс Нұр-Сұлтан қаласына келді.

Хабар 24 арнасы ұсынған ақпаратқа сәйкес, ұшақта 155 жолаушы, оның ішінде 7 сәби бар.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан азаматтарын әкелу үшін Атырау қаласындағы әуежайдан Польшаға төртінші репатриациялық рейс ұшып шыққанын жазған болатынбыз.

Естеріңізге сала кетейік, Украинадағы қазақстандықтардың алғашқы легі 28 ақпан күні Алматы қаласына жеткізілді. Аталған рейс арқылы 169 ересек, 6 бала оралды.

Екінші рейс бірінші наурыз күні жүзеге асты. Көктемнің алғашқы күнінде Нұр-Сұлтанға 120 ересек және 4 бала ұшып келді.

Ал үшінші рейс 4 наурыз күні орындалды. Аталған рейспен Қазақстанға 131 адам жетті. Олардың жиырмасы бала.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1959969-ukrainada-qalyp-qoigan-qazaqstandyqtardy-evakuaciyalagan-tortinsi-reis-elimizge-keldi/

pixel