Шетелге жалған тур сатқан алматылық келіншек ұсталды

Опубликовано:

күдікті әйел
Көрнекі фото: gazeta.ru

Алматыда туристерге жалған билет сатқан әйел ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция мәліметінше, 36 жастағы әйел қылмыстық іспен 2020 жылдың қаңтар айынан бастап айналыса бастаған. Оның соңғы әрекеттерін жедел уәкілдер 2021 жылдың қазан айында тіркеген.

Тергеу барысында күдікті өзін туристік компаниялардың бірінің қызметкері ретінде таныстырып, клиенттерден ақша алғаны анықталып отыр.

Оның үстінен барлығы 12 арыз келіп түскен.

Қазіргі уақытта қылмыстық кодекстің 190-бабы 3-бөлігінің 4-тармағы (Алаяқтық) бойынша тергеу жұмыстары жүргізілуде. Күдіктінің осыған ұқсас басқа қылмыстарға бар жоғы анықталып жатыр, дейді тәртіп сақшылары.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1959989-setelge-zalgan-tur-satqan-almatylyq-kelinsek-ustaldy/