Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде тағы бір қаржы пирамидасы анықталды

Опубликовано:

Қаржы пирамидасы
Көрнекі фото: polisia.kz

Қостанайда қаржы пирамидасы анықталды. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі ресми сайтында хабарлады.

Ведомство мәліметінше, Қостанай облысы бойынша Қаржылық мониторингі агенттігінің аумақтық департаменті 2021 жылы өңірде қаржы пирамидасын құрған "GАР" өндірістік кооперативінің лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық іс тіркеген.

"Кооператив 30 000 теңгеден 480 000 теңгеге дейінгі сомаға жеке тұлғалардың ақшасын тартудан кіріс алу жөніндегі қызметті ұйымдастырған. Алынған қаражат кәсіпкерлік қызметке пайдаланылмай, активтерді қайта бөлу арқылы кейбір қатысушылар басқалардың жарналар есебінен байыған", - делінген хабарламада.

Тінту жүргізу кезінде қызметкерлер өндірістік кооперативтің қызметі туралы жарнамалық брошюраларды, салымшылардың тізімін, кооператив пен салымшылар арасында жасалған электрондық форматтағы шарттар алынған.

Қазіргі уақытта қажетті тергеу амалдары жүргізілуде.

Қалған деректер Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабының тәртібімен жария етілмейді. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1959994-elimizde-tagy-bir-qarzy-piramidasy-anyqtaldy/

pixel