Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жерұйығымызды ешқашан сатпаймыз": Отандық журналист Зюгановтың мәлімдемесінен соң флешмоб бастады

Опубликовано:

Александра Мыскина
Фото: Facebook/Александра Мыскина

Қазақстандық журналист Александра Мыскина әлеуметтік желіде қазақстандық орыс ұлты өкілдерінің арасында "Қазақстан - менің жерұйығым" атты флешмоб бастады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бүгінгі таңда журналистің Facebook желісіндегі жазбасын 2000-нан астам бөлісіп, қолдау білдірген.

Александра Мыскина Қазақстанда тұратын орыс ұлты өкілдеріне арнаған үндеуінде еліміздегі ұлтаралық татулықты шайқалтуға жол бермеуге шақырады.

"Қазақстандық орыстар! Ақпараттық соғысқа Қазақстанның мультиэтникалық әлемін бұзуға жол бермейміз. Жерұйығымызды ешқашан сатпаймыз! Кейбіреулер қазақстандық орыстарды әлденеден құтқарғысы келеді. Мол дастарханнан, бізді жаялықтан бастап өсірген әжелеріміздің құшағынан, ұлы қазақ халқының шексіз мейірімі мен даналығынан ба?

Біз қазақ тілін оқып жүрміз, үйренуге дайынбыз, біз жаңа мектептердің ашылғанына қуанамыз және олардың қазақ мектебі екені біз үшін қиындық тудырмайды. Бастысы, Алтынсарин айтқандай, "Кел, балалар, оқылық" дейді. Біз балаларымыздың бейбітшілік туралы білім алғанын қалаймыз. Мен "Қазақстан- менің жерұйығым" атты флешмоб бастадым", - делінген жазбада.

Артынша оның флешмобына қосылушылар қатары көбейді. Атырау қаласында тұратын орыс ұлтының өкілдері де қазақтың ұлттық киімдерімен фотоға түсіп, Александраға қолдау білдірген. Оның сөзінше, флешмобқа қатысушылардың арасында жастар көп.

Сондай-ақ Александра Мыскинаны әріптесі, журналист Андрей Зубов та қолдады.

Александра өзінің бұл қадамға баруын ресейлік депутат Геннадий Зюгановтың еліміздегі орыс ұлты өкілдері туралы мәлімдемесі себеп болғанын алға тартады.

Айта кетсек, ресейлік депутат Қазақстанның оңтүстігінде қазақ мектептерінің көптеп ашылып жатқанын, орыс тілі ауқымының азайғанын сөз еткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1960010-qazaqstan-menin-zeruiygym-otandyq-zurnalist-elimizdegi-orys-ulty-okilderine-arnap-flesmob-bastady/

pixel