Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында әйелін қызғанған күйеуі оны ұрып өлтірді деген күдікке ілінді

Опубликовано:

Күйеуі әйелін қызғаныштан ұрып тастады
Көрнекі фото: pixabay.com

Алматы облысы Талғар ауданында ер адам әйелін қызғаныштан өлтіріп қойды деген күдікке ілінді. Бұл фактіге қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Алматы облысы полиция департаментіне сілтеме жасап.

Ведомствоның хабарлауынша, соққыға жығылған әйел Талғар аудандық ауруханасына жеткізілген. Дәрігерлер оның өмірін сақтап қалу үшін барынша күш салғанымен, келіншек есін жимастан қайтыс болған.

Қылмыс жасады деген күдікпен полицейлер оның 34 жастағы жұбайын ұстады. Ерлі-зайыптылар Кіші Байсерке ауылында тұрған. Олардың кәмелеттік жасқа толмаған екі баласы бар.

Ер адам вахталық әдіс бойынша Жамбыл облысында дәнекерлеуші болып қызмет атқарған.

Тергеу барысында ол кезекті іссапардан оралғанда әйелін мас күйінде, балаларын аш және күтімі жоқ күйде тапқанын айтқан.

"Алдын ала дерек бойынша ер адамның отбасылық жанжал шығарғаны анықталды. Тергеу барысында ол әйелін опасыздық жасады деп айыптап, оны аяусыз ұрған. Қылмыстық іс Қылмыстық кодекстің 106-бабы (Абайсызда адам өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) бойынша қозғалды.

Жан-жақты және объективті тергеу үшін барлық қажетті сараптамалар тағайындалды", - деп хабарлады Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1960055-almaty-oblysynda-aielin-qyzgangan-kuieui-ony-uryp-oltirgen/

pixel