Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еліміздің шығысында қар барысы фототұзаққа түсіп қалды

Опубликовано:

Қар барысы
Фото: instagram.com/katonkaragai.semi

Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ұлттық табиғи паркі аумағында қар барысы фототұзаққа түсіп қалды. Бұл туралы қорық ресми Instagram парақшасында хабарлады.

Ұлттық саябақ қызметкерлерінің айтуынша, фото биыл ақпанда түсірілген.

"14 ақпанда барыс тағы да келіп, "бәріне сәлемі мен құттықтауын жолдады", - делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, бұған дейін Түркістан облысы аумағындағы Сайрам-Өгем ұлттық табиғи саябағында "Қызыл кітапқа" енген сілеусін камераға түсіп қалғанын жазған едік.

Сонымен қатар, "Көлсай көлдері" ұлттық паркінде қар барысы фототұзаққа түсіп қалған болатын.

Парк аумағында 16 қар барысы бар.

Жалпы, қар барысы (Uncia uncia Schreber, 1775) Қазақстанның "Қызыл кітабына" енгізілген. Елімізде 120-130 қар барысы мекендейді, ал әлемде олардың саны 7 мыңнан аспайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1960121-elimizdin-sygysynda-qar-barysy-fototuzaqqa-tusip-qaldy/

pixel