Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"ӨКМ Операторының" бұрынғы бас директорына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды

Опубликовано:

қылмыстық іс
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

"ӨКМ Операторы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бұрынғы бас директорына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Telegram-каналында хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, компанияның бұрынғы басшысы 2016-2021 жылдар аралығында көлік құралдарын кәдеге жаратудың жоғары құнын белгілеу арқылы кәсіпорынның 20 миллиард теңгеден аса қаражатын жымқырды деген күдікке ілінген.

Агенттік қазіргі уақытта "ӨКМ Операторы" ЖШС бұрынғы бас директоры соттың санкциясымен қамауға алынғанын мәлім етті.

Тергеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Сонымен қатар, ведомство бұған дейін сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікпен ұсталған экология вице-министрі мен "ӨКМ Операторы" ЖШС басқарма төрағасына да қатысты тергеу жалғасып жатқанын атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1960175-okm-operatorynyn-buryngy-bas-direktoryna-qatysty-sotqa-deiingi-tergeu-bastaldy/

pixel