Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда Ashyq жүйесін пайдалану мен ашық ауада маска тағу талабы алып тасталды

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: NUR.KZ

Бүгін премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен Қазақстан Республикасының аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды премьер-министр сайты.

Жиынға мемлекеттік органдардың өкілдері мен өңір басшылары қатысты.

Комиссия елдегі эпидемиологиялық жағдайдың тұрақталуын ескере отырып мынадай талаптарды алып тастады:

1. Эпидемиологиялық тәуекелдің "сары" және "жасыл" аймақтарында орналасқан өңірлердегі барлық объектілерде:

➢ "Ashyq" мобильді қосымшасын міндетті түрде қолдану;

➢ әлеуметтік қашықтықты сақтауға қойылатын талаптар;

➢ міндетті термометрия.

2. Эпидемиологиялық қауіп-қатердің барлық аймағында ашық ауада маскаларды міндетті түрде тағу.

3. COVID-19-ға қарсы вакцина алмаған қызметкерлер үшін күндізгі режимдегі жұмысқа рұқсат беруді шектеу (қызмет көрсету саласының объектілері).

4. Вахталық әдіспен жұмыс істейтін ұйымдардың қызметкерлері үшін вахтаға кіру және шығу кезінде ПТР әдісімен міндетті зертханалық тестілеу.

Кеңес соңында Ералы Тоғжанов әкімдіктерге азаматтарды иммундау мен ревакциналау қарқынын күшейтуді тапсырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1960339-qazaqstanda-ashyq-zuiesin-paidalanu-men-maska-tagu-talaby-alynyp-tastaldy/

pixel