Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Qazaq Air Ресейге әуе рейстерін қайта жандандырады

Опубликовано:

Ұшақ
Фото: instagram.com/qazaqair_official

Qazaq Air әуе компаниясы 2022 жылғы 13 наурыздан бастап Ресейге рейстерін қайта жандандырады. Бұл туралы компания өзінің ресми Instagram парақшасында хабарлады.

Әуе компаниясының хабарлауынша, Ресейге жоспарланған рейстердің барлығы 13 наурыздан бастап қайта жанданады және flyqazaq.com сайты арқылы билеттерді брондауға болады.

"12 наурызда Новосібірге ұшатын рейстің орындалмауына байланысты уақытша қиындықтар үшін кешірім сұраймыз", - деп хабарлады Qazaq Air.

Еске сала кетсек, 12 наурызда Qazaq Air әуе компаниясы Ресейге барлық рейстерін тоқтатқан еді.

Компанияның мәліметінше, Qazaq Air әуе компаниясы сақтандыру ұйымынан Ресей аумағында және оның әуе кеңістігінде сақтандыру өтелімі жүргізілмейтіні туралы хабарлама алған.

Аталған мәселе шешімін таппайынша компания Ресейге әуе рейстерін орындауға қауқарсыз екені хабарланған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1960411-qazaq-air-reseige-aue-reisterin-qaita-zandandyrady/

pixel