Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтауда БТР мен жеңіл көлік соқтығысып қалды (видео)

Опубликовано:

БТР мен көлік
Видеодан кадр: Lada.kz

Ақтауда "МАЭК-Қазатомөнеркәсіп" ЖСШ маңында БТР мен жеңіл көліктің қатысуымен жол апаты болды. Маңғыстау облысы полиция департаментінің хабарлауынша, оқиғаның мән-жайы анықталуда, деп жазады Lada.kz.

Жол апаты куәгерлерінің сөзінше, 11 наурызда бронды тасымалдаушы техника жолға шығып, жеңіл көлікпен соқтығысқан. Кадрларда жеңіл көліктің шанағы БТР-дің астында қалғаны көрсетілген.

Зардап шеккендер туралы әзірге мәлімет жоқ.

Маңғыстау облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің басылымға хабарлауынша, аталған факті бойынша тәртіп сақшылары кейінірек пікір білдіреді.

Еске сала кетсек, 2021 жылғы қыркүйекте Нұр-Сұлтан-Қарағанды тас жолында Nissan Almera көлігімен бронды тасымалдаушы техника соқтығысып қалған болатын.

Сол кезде дабыл шамдары іске қосылған және арнайы дыбыс сигналы бар патрульдік автокөлікке ілесіп келе жатқан "БТР 82-А" көлігіне жол бермеген Nissan Almera жүргізушісіне қатысты әкімшілік іс қозғалған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1960413-aqtauda-btr-men-zenil-kolik-soqtygysyp-qaldy-video/

pixel