Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтауда сауда үйінің келушілері эвакуацияланды (видео)

Опубликовано:

сауда орталығы 165
Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Ақтауда кеше кешке түтіндеп жатқаны туралы ақпараттан кейін "Астана" сауда үйінен 260 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды Лада.

Басылымның Маңғыстау облысы ТЖД бастығы Мұрат Мұхановқа сілтеме жасап хабарлауынша, 12 наурызда сағат 20:36-да төтенше жағдайлар департаментіне қаланың 14 шағын ауданында орналасқан сауда үйінің бірінші қабатынан түтін шығып жатқаны туралы ақпарат түскен.

Оқиға орнына екінші рангктегі техникамен қоса ведомство қызметкерлері жіберілген.

Адамдарды қауіпсіз орынға шығару бойынша жұмыстар жүргізілген. ТЖД мәліметінше, жалпы 260 адам эвакуацияланған, оның 130-ы бала.

Оқиға орнында құтқарушылар мен полиция қызметкерлері жұмыс істеген.

Еске сала кетсек, 5 наурызда Алматының Алмалы ауданында орналасқан кафе өртке оранғанын жазған едік.

ТЖД хабарлауынша, екі қабатты ғимараттың төбесі өртенген. Төтенше жағдайдан зардап шеккендер мен құрбандар жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1960417-aqtauda-sauda-uiinin-kelusileri-evakuaciyalandy-video/

pixel