Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан Украинаға дәрі-дәрмек түріндегі гуманитарлық көмекті екі рейспен жібереді

Опубликовано:

Дәрі
Көрнекі фото: pixabay.com

Қазақстан Украинаға дәрі-дәрмек түрінде гуманитарлық көмек жібереді. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК Telegram каналында хабарлады.

ВАК хабарлауынша, еліміздің Денсаулық сақтау министрлігі Украинаға антибиотиктер, қабынуға қарсы, антитуссивті және антигипертезивті дәрілер түріндегі гуманитарлық көмек жіберетін болды.

Гуманитарлық көмектің жалпы салмағы 28,2 тонна және оған 17 түрлі дәрі-дәрмек қосылған.

"Денсаулық сақтау министрлігі Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен бірлесіп Алматы - Катовице (Польша) бағыты бойынша гуманитарлық жүкті әуе кемесімен жеткізу мәселесін қарастырды.

Украина азаматтарына гуманитарлық көмек 2022 жылғы 14 және 15 наурызда Алматы қаласының әуежайынан екі рейспен жіберілетін болады", - делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, 11 наурызда Нұр-Сұлтаннан Украинаға гуманитарлық көмек тиелген алғашқы жүк керуені жолға шыққан еді. Киев облысына бағыт алған екі жүк көлігінде 40 тонна азық-түлік, дәрі-дәрмек, киім және басқа да қажетті заттар бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1960460-qazaqstan-ukrainaga-dari-darmek-turindegi-gumanitarlyq-komekti-eki-reispen-ziberedi/

pixel