Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жоғалтатын ештеңесі жоқ еді": Бас прокурор "Дикий Арманға" қатысты мәлімдеме жасады

Опубликовано:

Жабайы Арман
Фото: Instagram/ armandzhumageldiev

Қазақстанның Бас прокуроры Берік Асылов бүгін мәжілісте қаңтар оқиғасына қатысты тергеудің мән-жайын баяндады. Бас прокуратура басшысы өз сөзінде "Дикий Арманның" ұсталуына қатысты да пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Асыловтың айтуынша, қаңтар оқиғасының нәтижесі бойынша 766 адам тұтқынға алынған.

Олардың ішінде деструктивті діни ағымдардың 19 өкілі, тыйым салынған экстремистік ұйымдардың 27 белсендісі, ұйымдасқан қылмыстық топтардың 24 мүшесі бар. Олардың 113-і кісі өлтіргені, ұрлағаны, тонағаны үшін істі болған.

"Мәселен, "Дикий Арман" аталып кеткен Жұмагелдиев пен оның тобының 14 адамы тұтқында отыр. Мұндай адамдардың жоғалтатын ештеңесі жоқ еді, сол үшін олар түрлі қылмысқа барған: дүкендерді тонап, түрлі әкімшілік қылмыс жасады", - деді Бас прокурор.

Оның мәліметінше, осы уақытқа дейін 22 мың адамның қылмысқа қатысы бар-жоғы тексерілген.

Естеріңізге сала кетсек, Берік Асылов қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде нақты қанша адамның қаза тапқанын да хабарлаған болатын.

Бас прокурордың айтуынша, олардың арасында 19 әскери және қауіпсіздік қызметкері бар. Адам шығыны ең көп тіркелген аймақ - Алматы қаласы. Мегаполисте 139 адам қайтыс болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1960572-zogaltatyn-estenesi-zoq-edi-bas-prokuror-dikii-armanga-qatysty-malimdeme-zasady/

pixel