Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодар әкімі мәслихат отырысына шапанмен келді

Опубликовано:

Асайын Байханов
Асайын Байханов. Видеодан кадр: facebook.com/gormaspvl

Павлодар қаласының әкімі Асайын Байханов қалалық мәслихат отырысына шапан киіп келді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бүгінгі отырыста депутаттар мен шенеуніктер Павлодар қаласының бюджетін талқылған. Жиынға шаһар басшысы әдеттегідей іскерлік костюм емес, шапан киіп келген.

Қала әкімінің баспасөз қызметі Асайын Байхановтың образына қатысты пікір білдірді.

"14 наурызда "Амал" (Көрісу күні) мерекесі атап өтіледі. Мерекенің құрметіне орай әкім бүгін ұлттық костюммен келді. Осылайша, ол ұлттық дәстүрге деген сый-құрметін білдірді", - дейді Павлодар әкімі баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Әкімбекова.

Еске сала кетсек, Асайын Байханов 2021 жылғы шілде айында Павлодар қаласының әкімі болып тағайындалған еді.

Оның сөзінше, жұмыс күні әдетте таңғы 7-де басталып, кешкі 8-де аяқталады. Ал айлық жалақысы шамамен 780 мың теңгені құрайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1960611-pavlodar-akimi-maslixat-otyrysyna-sapanmen-keldi-video/

pixel