Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Первый каналда" оқыс жайт: Плакат ұстаған қыз жаңалықтар эфиріне кедергі болды

Опубликовано:

Плакат ұстаған қыз
Видеодан кадр: instagram.com/mash_breaking

Ресейлік "Первый канал" телеарнасы жаңалықтарының тікелей эфирінде күтпеген жайт орын алды. Студияға қолына плакат ұстаған бойжеткен кіріп келген, деп хабарлайды Mash Instagram парақшасында.

"Сіздер күтпеген, кибертеррор. "Первый канал" эфиріне өзекті мәселе көтерілген плакат ұстаған қыз кіріп келді. Жаңалықтар тоқтатылған жоқ.

Біздің дерек бойынша, теледиверсияны "Первый каналдың" қалалар бөлімінің редакторы ұйымдастырған. Оның аты-жөні Марина Овсянникова. Қазір ол ұсталды, онымен Ішкі істер бөлімі әңгімелесіп жатыр", - делінген хабарламада.

ТАСС агенттігінің мәліметінше, құқыққорғау органдарындағы дереккөз Марина Овсянникованың "Первый каналдың" қызметкері екенін растаған. Сондай-ақ, дереккөз оның Одесса тумасы екенін және 1978 жылы дүниеге келгенін атап өткен.

Одан бөлек, дереккөз Марина Овсянникова Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 20-бабы 3-бөлігі 3-тармағы бойынша жауапқа тартылуы мүмкін екенін мәлім еткен.

Дереккөздің сөзінше, қазіргі уақытта редактор қамауға алынған.

Сонымен қатар, тікелей эфир кезіндегі жағдайға байланысты "Первый каналда" да қызметтік тексеріс басталған. Бұл туралы ТАСС-қа телеарнаның баспасөз қызметі хабарлаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1960705-pervyi-kanaldyn-tikelei-efirine-qolyna-plakat-ustagan-qyz-kirip-keldi-video/

pixel