Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда такси жүргізушісінен тапанша табылды

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pixabay.com

Алматы қаласында такси жүргізушісінен тапанша табылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі мегаполистің полиция департаментіне сілтеме жасап.

"Жароков пен Дунаевский көшелерінің қиылысында патрульдік көлікті көріп, күдікті әрекет жасаған екі жігітті тексердік. Тексеру кезінде олардың бірінен атыс қаруы табылды", - деп хабарлады полиция қызметкерлері.

Тәртіп сақшысы тәркіленген қарудың "Байкал" маркалы спорттық-жаттығу тапаншасы екенін хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, 25 жастағы ер адам тапаншаны тауып алдым деп айтқан. Сонымен қатар тапаншамен не істеу керектігін білмегенін жеткізіпті.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын Бостандық аудандық полиция басқармасының тергеушілері анықтап жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1960815-almatyda-taksi-zurgizusisinen-tapansa-tabyldy/

pixel