Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде ер адам кездесіп жүрген қызының досын бопсалап, ақша талап еткен

Опубликовано:

Ер адам бопсалап, ақша талап еткен
Көрнекі фото: pixabay.com

Ақтөбеде бұрын сотты болған азамат кездесіп жүрген қызының қалталы досынан ақша талап еткен. Ол бойжеткеннің досының жақындарына ашынасы туралы айтып беремін деп қорқытқан. Ер адам қамауға алынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі "Диапозон" жаңалықтарына сілтеме жасап.

Ақтөбелік бойжеткен таксиде белгісіз азаматпен танысып, оны ұнатып қалады. Біраз уақыттан кейін олар бірге тұруға шешім қабылдаған екен.

Арада бірнеше уақыт өткен соң ер адам ғашығын қызғанып, досымен сөйлесуге тыйым салған.

Бірақ, ол сүйіктісінің досы ауқатты отбасынан шыққанын білген соң, оны бопсалап, ақша табуды ойластырады.

Оның телефон нөмірін тауып, жанұясы мен балаларына ашынасы туралы айтамын деп қорқыта бастаған.

Бойжеткеннің досы болса бопсалаушының шотына 100 мың теңге ақша аударған көрінеді. Десе де, соңынан полицияға шағымданған.

Жәбірленуші жазған арыз нәтижесінде 34 жастағы күдікті қамауға алынды. Оның былтырғы жылы ғана түрмеден босап шыққаны белгілі болды.

Соған қарамастан, бостандыққа шыққаннан кейін бірнеше ай өткен соң қайтадан қылмыстық әрекетке барған.

Бұл жолы сот ер адамды бопсалағаны үшін 6 жыл 5 айға бас бостандығынан айыруға шешім шығарды. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1960817-aqtobede-er-adam-kezdesip-zurgen-qyzynyn-dosyn-bopsalap-aqsa-talap-etken/

pixel