Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодарда полиция майоры пара алғаны үшін сотталды

Опубликовано:

сот
Көрнекі фото: jasqazaq.kz

Павлодарда полиция майоры пара алғаны үшін сотталды. Ол жүргізушіге қылмыстық жауапкершіліктен құтылуға көмектескені үшін сыйақы алған, деп хабарлайды  Pavlodarnews.kz.

Павлодар қаласы әкімшілік полиция бөлімінің басшысына қатысты қылмыстық іс №2 сотта қаралған.

Жаяу жүргіншіні қағып кеткен көлік жүргізушісі жазадан құтылу үшін полиция майорына 59 мың теңге берген.

Сотталушының кінәсі куәгерлердің айғақтары, құжаттық дәлелдемелер және сараптама қорытындылары бойынша дәлелденді.

Сот қылмыстық жауапкершілік пен жазаны жеңілдететін жағдайларды, атап айтқанда, күдіктінің үш кішкентай баласы бар екенін, алғаш рет қылмыс жасағанын, кінәсін ішінара мойындап, өкінгенін ескерді.

"Барлығын ескере отырып, жасалған ауыр сыбайлас жемқорлық қылмысының қоғамға қауіптілік дәрежесін, қоғамның мемлекетке деген сеніміне нұқсан келтіретінін ескере отырып, сотталушыға үш жыл бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындалды", ‒ деді №2 сотта.

Сондай-ақ, полиция майор шенінен айырылды, ол енді ешқашан мемлекеттік қызметте қызметте жұмыс істей алмайды. Үкім заңды күшіне әлі енген жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1960846-pavlodarda-policiya-maiory-para-algany-usin-sottaldy/

pixel