Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақордада президенттің жолдауына дайындық қалай жүріп жатқанын көрсетті (фото)

Опубликовано:

Ақордадағы зал
Фото: Ақорда

Ақордада Қасым-Жомарт Тоқаевтың ертең Қазақстан халқына жолдау жасайтын залын көрсетті. Суреттер президент баспасөз қызметінің "Борт N1" ресми Telegram-арнасында жарияланды.

"Президенттің ертеңгі жолдауына дайындық. Парламент ғимаратында протоколдық-ұйымдастырушылық жұмыстары аяқталып жатыр" , - делінген баспасөз хабарламасында.

Айта кетейік, бұған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Астана" халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Келімбетовті қабылдағанын хабарлаған болатынбыз.

Президентке "Астана" халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) былтырғы атқарған жұмыстарының қорытындысы, сондай-ақ шетелдік юрисдикциядан Қазақстан Республикасына капиталды қайтару және компанияларды елімізге қайта тіркеу жөніндегі тапсырмалардың орындалуы туралы есеп берілді.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев жаңадан сайланған Түрікменстан президентін құттықтады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1960890-aqordada-prezidenttin-zoldauyna-daiyndyq-qalai-zurip-zatqanyn-korsetti-foto/

pixel