Наурыз мейрамында Алматыда қар жаууы мүмкін
Опубликовано:

Синоптиктер жаңа апта басында Алматыда жауын-шашын болады деп болжап отыр. Мамандардың айтуынша, Наурыз мейрамында мегаполисте қар жауады.
Келесі аптада қазақстандықтар Наурыз мейрамын атап өтеді.
Gismeteo дерегінше, осы күндері Алматыда жауын-шашын күтіледі. Синоптиктердің болжауынша, үш күн бойы оңтүстік астанада жаңбыр мен аздаған қар жауады.
21 наурыз, дүйсенбі күні ауа температурасы 0-ден 6 градусқа дейін жылы болады, ал 22 наурызда 1-7 градус арасында жылы болады.
Дегенмен, 23 наурызда күн салқындауы мүмкін. Бұл күні сынап бағанасы түнде 2 градусқа дейін төмендесе, күндіз 5 градусқа дейін көтерілуі ықтимал.
Еске сала кетсек, бұған дейін Ұлыстың ұлы күніне орай қазақстандықтар бес күн – 19, 20, 21, 22 және 23 наурызда демалатынын жазған едік.
24 наурыз, бейсенбі - Наурыз мейрамынан кейінгі алғашқы жұмыс күні болып саналады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1960959-nauryz-meiramynda-almatyda-qar-zauuy-mumkin/