Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жанболат Мамай екі айға қамауға алынды

Опубликовано:

Жанболат Мамай
Жанболат Мамай. Фото: Zhanbolat Mamay/Facebook

Алматы полициясы белсенді Жанболат Мамайдың екі айға қамауға алынғанын хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Құзырлы органның мәліметінше, Алматы қалалық полиция департаментінің тергеу басқармасы Жанболат Мамайға қатысты Қылмыстық кодекстің 378-бабы 2-бөлігі және 274-бабы 2-бөлігі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр.

Тергеушінің сұрауы бойынша сот белсендіні екі ай мерзімге қамауға алуды санкциялаған.

Сонымен қатар, ведомство сотқа дейінгі тергеу объективтілік, толықтық және жан-жақтылық қағидаттарына сай жүргізілетінін атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1961050-zanbolat-mamai-eki-aiga-qamauga-alyndy/

pixel