Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БҰҰ Украинада соғыс басталғалы құрбан болған бейбіт тұрғындардың жалпы санын жариялады

Опубликовано:

БҰҰ
Көрнекі фото: pixabay.com

БҰҰ адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары басқармасының ресми сайтында Украинада соғыс басталғалы бері құрбан болған бейбіт тұрғындардың жалпы саны жарияланды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

15 наурыздағы жағдай бойынша 691 бейбіт тұрғын қайтыс болған. Оның 135-і ер адам, 99-ы әйел және 18-і бала. Сондай-ақ, 30 бала мен жынысы анықталмаған 409 ересек бар.

Жалпы саны 1 143 адам жарақат алған.

"Бейбіт тұрғындардың көпшілігі үлкен аумақты қамтитын жарылғыш қаруды, оның ішінде ауыр артиллерия мен реактивті оқ жаудыру тәсілдерін қолдану салдарынан, зымырандық және әуе соққыларынан қаза тапқан", - делінген хабарламада.

Одан бөлек, хабарламада құрбан болғандар саны әлдеқайда көп болуы мүмкін екені айтылды.

Себебі, елдің кейбір аудандарында қарқынды ұрыс жүріп жатқандықтан, көптеген хабарламаның дұрыс-бұрыстығын анықтау қажеттілігі туындап отыр дейді БҰҰ адам құқықтары жөніндегі басқармасы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1961066-buu-ukrainada-sogys-bastalgaly-qurban-bolgan-beibit-turgyndardyn-zalpy-sanyn-zariyalady/

pixel