Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Air Astana Ақтөбеге қатынайтын рейстерді уақытша тоқтатты

Опубликовано:

Ұшақ
Көрнекі фото: piqsels.com

Air Astana әуежайдың жабылуына байланысты 17 наурыздан 17 сәуірге дейін Ақтөбеге қатынайтын рейстерді тоқтатты. Бұл туралы әуе компаниясы ресми Telegram-каналында хабарлады.

Әуе компаниясының мәліметінше, жолаушылар билетін 2022 жылдың 31 мамырына дейінгі рейстердің біріне тегін ауыстыра алады, немесе билет сатып алған жерге хабарласып, билеттің толық ақысын қайтара алады.

Айта кетейік, осыған дейін желіде Ақтөбе әуежайының ұшу-қону жолағындағы ақау салдарынан SCAT әуе компаниясының екі ұшағына зақым келгені туралы ақпарат тараған еді.

Аталған жайтқа қатысты әуе айлағы басқармасының бастығы Дастан Мәлиев пікір білдірді.

Кейін Азаматтық авиация комитеті ұшу-қону жолағы жөнделгенше, оның жұмысы уақытша тоқтатылатынын хабарлаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1961086-air-astana-aqtobege-qatynaityn-reisterdi-uaqytsa-toqtatty/

pixel