Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"28 градус аяз": Синоптиктер алдағы күндері елімізде ауа райы қандай болатынын болжады

Опубликовано:

Құс
Көрнекі фото: pixabay.com

"Қазгидромет" РМК 17-19 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Синоптиктердің мәліметінше, алдағы үш тәулікте Қазақстанның солтүстігінде аяз күтіледі. Түнде сынап бағанасы 20-28 градусқа дейін төмендейді.

Еліміздің оңтүстігінде жауын-шашын түсіп, жел күшейіп, көктайғақ болады. Өңірде күндіз 0-10 градус жылы болса, түнде 0-10 градус аязға төмендейді мүмкін.

Жалпы республика бойынша тұман түседі деп болжанып отыр.

Еске сала кетсек, бұған дейін синоптиктер жаңа апта басында Алматыда қар жауады деп болжаған еді.

21 наурыз, дүйсенбі күні ауа температурасы 0-ден 6 градусқа дейін жылы болады, ал 22 наурызда 1-7 градус арасында жылы болады.

Дегенмен, 23 наурызда күн салқындауы мүмкін. Бұл күні сынап бағанасы түнде 2 градусқа дейін төмендесе, күндіз 5 градусқа дейін көтерілуі ықтимал.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1961128-28-gradus-ayaz-sinoptikter-aldagy-kunderi-elimizde-aua-raiy-qandai-bolatynyn-bolzady/

pixel