Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлеуметтік желіде зейнет жасы төмендейтіні туралы жалған ақпарат тарады

Опубликовано:

Зейнеткер
Көрнекі сурет: pixabay.com

Қазақстандықтар WhatsApp мессенджерінде жаңа реформалар туралы хабарлама таратып жатыр. Желідегі ақпаратта зейнет жасы төмендетіліп, халықтың тұтынушылық несиесі жойылатыны жазылған, деп жазады StopFake.kz.

Желідегі хабарламада "әр балаға 60 000 теңгеден жәрдемақы төленеді, әйелдер мен ерлердің зейнеткерлік жасы 55 және 60 жасқа дейін төмендетіледі, халықтың тұтынушылық несиесі түгел жойылып, көпбалалы отбасыларға елдің кез келген қаласынан тегін баспана беріледі" деп жазылған.

Алайда басылым мұның жалған ақпарат екенін, елімізде мұндай реформа жүргізілгенін хабарлады.

Сондай-ақ, аталған идеялардың авторы қазақстандық журналист Ербол Мәндібек екені көрсетілген.

Ол бұл туралы биыл 13 наурызда өзінің Facebook желісіндегі парақшасында жазып, мұның дайындалып жатқан реформа немесе президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөздері емес, өз ойы екенін айтқан.

Айта кетсек, бүгін, 16 наурызда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдау жасады. Президенттің жолдауында жоғарыда аталған реформалар туралы айтылған жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1961133-aleumettik-zelide-zeinet-zasy-tomendetiletini-turaly-zalgan-aqparat-tarady/