Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбе әуежайы 10 күнге жабылды

Опубликовано:

әуежай қыс12
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Ақтөбе әуежайы 17-27 наурыз күндері аралығында қызмет көрсетуін тоқтатады. Бұл туралы Әлия Молдағұлова атындағы әуежайдың баспасөз қызметі Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында хабарлады.

Белгілі болғандай, Ақтөбе қаласының әуежайы 17-27 наурыз аралығында жөндеу жұмыстарына байланысты жабылады.

"Билеттерді қайтару немесе қайта брондау сұрақтары бойынша сатып алу орнына хабарласуларыңызды сұраймыз", - делінген хабарламада.

Осы орайда Әлия Молдағұлова атындағы әуежай қызметкерлері жергілікті тұрғындардан қазіргі жағдай үшін кешірім сұрайтынын жеткізді.

Еске сала кетейік, бұған дейін Air Astana әуежайдың жабылуына байланысты 17 наурыздан 17 сәуірге дейін Ақтөбеге қатынайтын рейстерді тоқтатанын хабарлаған еді.

Әуе компаниясының мәліметінше, жолаушылар билетін 2022 жылдың 31 мамырына дейінгі рейстердің біріне тегін ауыстыра алады, немесе билет сатып алған жерге хабарласып, билеттің толық ақысын қайтара алады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1961164-aqtobe-auezaiy-10-kunge-zabyldy/

pixel