Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұлытау облысы құрылатынын естіген жезқазғандықтар қуанышын жасыра алмады (видео)

Опубликовано:

Президент жолдауын тыңдап отырған жезқазғандықтар
Видеодан кадр: instagram.com/etozhez

Әлеуметтік желіде Ұлытау облысы құрылатынын естіген шенеуніктердің, қоғам белсенділері мен ақсақалдардың қатты қуанған сәті бейнелеген видео тарап жатыр. Бейнежазбаға қатысты Жезқазған әкімдігі пікір білдірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Желіде тараған видеодан бір залға жиналып, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жолдауын мұқият тыңдап отырған көпшілікті байқауға болады.

Президенттің Ұлытау облысын құру туралы бастамасын естіген олар ду қол шапалақтап, құшақтасып, бір-бірін құттықтай бастаған.

Осы видеоға қатысты Жезқазған қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі пікір білдірді.

Ведомствоның мәліметінше, видеожазба жергілікті әкімдікте түсірілген.

"Қала басшысымен бірге президенттің жолдауын тыңдау үшін ақсақалдар, қоғам белсенділері, еңбек ардагерлері, жастар мен әкімдік қызметкерлері әкімдікке жиналды.

Ұлытау облысының құрылуы мен Жезқазған қаласының оның орталығы болатыны туралы жаңалық жұртшылық үшін күтпеген, қуанышты хабар болды", - дейді әкімдіктің баспасөз қызметінен.

Еске сала кетсек, 16 наурызда Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдаған жолдауында Ұлытау облысын құрып, оның орталығы етіп Жезқазған қаласын бекіту туралы бастама көтерген еді.

Сонымен қатар, мемлекет басшысы Семей аумағында Абай облысын құруды ұсынды.

Одан бөлек, президент Алматы облысының Жетісу және Алматы облысы болып екіге бөлінетінін айтты.

Жетісу облысының орталығы Талдықорған қаласы, ал Алматы облысының орталығы Қапшағай қаласы болмақ.

Осы ретте, президент егер жұртшылық Қапшағайға халқымыздың біртуар перзенті Дінмұхамед Қонаевтың есімін беруді ұсынса, онда бұл ұсынысты қолдайтынын мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1961213-ulytau-oblysy-qurylatynyn-estigen-zezqazgandyqtar-quanysyn-zasyra-almady-video/

pixel