jitsu gif

"333 адам сенделіп қалды": Ақтөбе әуежайы екі аптаға жабылды

Ақтөбе әуежайы
фото: aeroport.kz

Ақтөбеде Әлия Молдағұлова атындағы халықаралық әуежай бүгіннен бастап екі аптаға жабылды. Билет алған 333 адам сенделіп қалды. Азаматтық авиация комитеті мен әуе әкімшілігінің өкілдері жергілікті әкімдік жұмысын қабылдамаған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ақтөбеліктер бүгін әуежайда алған билеттерін қайта тапсыруда.

"Ұшақ біресе ұшады, біресе ұшпайды деп, халықты сенделтіп қойды. Билеттер сатылды. Халық барар жеріне жете алмай қалды. Пойызға да билет жоқ",- дейді Жомарт есімді тұрғын.

Осыған дейін өңірдегі әуе алаңына күндіз жөндеу жұмыстарын жүргізіп, кешкі уақытта ұшақтарды қабылдап келген еді. Әуе компаниядан келген комиссия қызметкерлері әуежай алаңын жауып, тағы да қосымша жөндеу жүргізуді міндеттеді.

"Осыған дейін 60 плитаны ауыстыру айтылған еді. Ол жұмыс толық орындалды. Осыған қарамастан, әуежай қызметі бізге қосымша жұмыстарды көрсетіп отыр. 218 плитаға ағымдық жөндеу жұмыстарын жүргізу тапсырылды. 27 наурызға дейін әуежай толық​ жабылады. Жұмыс күндіз-түні жүреді. Сатылған билет ақшасы 100 пайыз қайтарылады. Қолайсыздық үшін тұрғындардан кешірім сұраймыз. Біз қойған талаптарды толығымен орындадық. Әуежай қызметі нұсқау қойып жатыр",- дейді Ақтөбе облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Айбек Қайыр.

Әкімдік өкілінің айтуынша, әуежай осыған дейін түнгі мезгілде 15 рейс қабылдап, жіберіп отырған. Бүгіннен бастап ұшу алаңы толық жабылды. Соңғы рейс түнгі үште қабылданды.

Әуе компаниялары Ақтөбе әуежайының жабық екенін хабарлады. Үш қазақстандық және бір шетелдік әуе компания ұшуды тоқтатты

Ал әуежай қызметкерлерінің жұмысына кедергі жоқ.

"Әуежай қызметкерлерінің жұмысы тоқтамайды. Осы он күнді пайдаланып, қызметкерлермен аэровокзалды қалпына келтіру жұмыстарын жүргіземіз. Олар бізге түсінікпен қарайды деп үміттенеміз,"- дейді әуежай басшысы Дастан Малиев.

Әуежай жұмысы толық қай уақытта қалыпқа келетінін ешкім нақтылап айта алмады. Соңғы шешімді қайта тексеру жасайтын комиссия анықтайды.

"333 адам сенделіп қалды": Ақтөбе әуежайы екі аптаға жабылды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.