Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағандыда 14 жастағы қызға шабуыл жасаған күдікті ұсталды

Опубликовано:

Ер адам соққыға жықты
Көрнекі фото: pixabay.com

Қарағандыда 30 жастағы ер адам 14 жастағы мектеп оқушысына шабуыл жасады деген күдікпен ұсталды. Ол жасөспірім қызды ұрып кетіп, ізін суытқан, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі өңірдің полиция департаменті бастығының орынбасары Әбіл Әбілдинге сілтеме жасап.

16 наурыз күні қала мектептерінің бірінің маңында кәмелеттік жасқа толмаған бойжеткенге шабуыл жасалған.

Жәбірленушінің сөзінше, бейтаныс адам өзін артқы жағынан соғып, одан кейін белгісіз бағытта ізін суытқан көрінеді. Оқиға туралы жеткіншек үлкендерге айтып берген соң, олар полицияға хабарлаған.

"16 наурыз күні Қарағанды полиция басқармасының орталық жедел басқармасына мектептердің бірінің жанында белгісіз біреу 14 жастағы оқушыға шабуыл жасағаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы келді. Жәбірленуші білім ғимаратының жанында белгісіз біреу оған шабуыл жасаған кезде сабаққа бара жатқанын айтты. Күдікті қызды ұрып, қашып кеткен", - дейді Әбіл Әбілдин.

Көп ұзамай тәртіп сақшылары күдіктіні ұстады. Ол Теміртаудың 30 жастағы тұрғыны болып шықты.

Полиция қызметкерлері күдіктінің осыған ұқсас үш қылмысқа қатысы барын анықтады.

Күдікті Қарағандыға келіп, көшеде жалғыз жүрген қыздарды аңдып, оларға шабуыл жасаған екен. Соққыға жығып, оқиға орнынан дереу ізін суытып отырған.

Ер адамның өз құрбандарынан ешқандай құнды зат ұрламағаны анықталды. Қазіргі уақытта оның шабуыл жасаудағы мақсаты анықталу үстінде.

"Күдікті ұсталды. Қылмыстық Кодекстің 293-бабы ("Бұзақылық") бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жұмыстары жүргізілуде", - деп қорытындылады Әбіл Әбілдин.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1961280-qaragandyda-14-zastagy-qyzga-sabuyl-zasagan-kudikti-ustaldy/

pixel