Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтанда арнайы операция: 44 жастағы әйел ірі көлемдегі есірткімен ұсталды

Опубликовано:

Есірткі
Видеодан кадр: instagram.com/police_nur_sultan

Арнайы операция өткізген елордалық полицейлер есірткінің ірі партиясымен 44 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Күдікті Сүгір Әлиұлы көшесінде ұсталған. Оның тұрғылықты жері бойынша тінту жүргізіліп, соның нәтижесінде тәртіп сақшылары төрт килограмға жуық гашиш тапқан.

Сонымен қатар, полицейлер оқиға орнында тағы басқа айғақ заттар анықтағанын хабарлады.

Полицияның нұсқасы бойынша, күдікті елорда аумағында есірткі сатпақ болған.

Аталған факт бойынша Қылмыстық кодекстің 297-бабы, 2-бөлігі бойынша сотқа дейін тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Күдікті кінәсін мойындаған жағдайда 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

"Мемлекет басшысының есірткі қылмысы мен нашақорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі тапсырмаларын орындау үшін елордалық полицейлер аталған қылмыстың алдын алу және күресу бойынша жүйелі шаралар қабылдауда",-деп атап өтті Нұр-сұлтан қалалық полиция департаментінің басшысы Марат Төлебаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1961335-nur-sultanda-arnaiy-operaciya-44-zastagy-aiel-iri-kolemde-esirtkimen-ustaldy/

pixel