Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қаңтардағы тәртіпсіздіктер: Үш адамнан ұрланған тауарлардың 200-ден астам түрі тәркіленді

Опубликовано:

Бүлік
Алматыдағы тәртіпсіздіктер. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Көлік полицейлері үш адамнан қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде ұрланған тауарлардың 200-ден астам түрін тәркіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ІІМ Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, жедел тергеу тобының өндірісінде Алматы қаласы халықаралық әуежайының ғимаратында орналасқан дүкендегі ұрлық дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу материалдары қаралуда.

Көліктегі полиция департаментінің бастығы Оңал Бекеевтің айтуынша, абоненттік байланыстар туралы деректерді талдау, сондай-ақ бейнебақылау камераларынан бейнежазбаларды қарау кезінде үш күдікті анықталған. Олар: апалы-сіңлілі екеу және олардың бірінің күйеуі.

Олардың бәрі де – Алматы облысының тұрғындары. 5 қаңтардан 6 қаңтарға қараған түні олардың әуежайда бөтеннің мүлкін жымқырғаны белгілі болды.

"Күдіктілердің тұрғылықты жерін тексеру барысында заттай дәлелдемелер: элиталық алкоголь, сондай-ақ 130 атаудан тұратын парфюмерлік және косметикалық бұйым тәркіленді. Оған қоса, кофеханадан, кәдесый дүкенінен және дәріханадан ұрланған 94 тауар табылды",- деді полиция генерал-майоры.

Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 188-бабына (ұрлық) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. 40 жастағы ер адамға қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды.

Ал 34 және 26 жастағы әйелдерден жас балаларының болуына байланысты ешқайда кетпеу және өзін-өзі дұрыс ұстау туралы қолхат алынды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1961347-qantardagy-tartipsizdikter-us-adamnan-urlangan-tauarlardyn-200-den-astam-turi-tarkilendi/