Елімізде бір тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны азайды
Опубликовано:

Өткен тәулікте елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырған 44 адам тіркелді, деп хабарлайды Coronavirus2020.kz Telegram каналы.
Аймақтар бойынша:
- Нұр-Сұлтан қаласы - 6
- Алматы қаласы - 15
- Ақмола облысы - 1
- Алматы облысы - 1
- Атырау облысы - 1
- Шығыс Қазақстан облысы - 3
- Жамбыл облысы - 1
- Батыс Қазақстан облысы - 4
- Қарағанды облысы - 4
- Қостанай облысы - 4
- Солтүстік Қазақстан облысы - 4.
Осылайша, жалпы ел бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 1 304 767-ге жетіп отыр.
18 наурыздағы мәлімет бойынша 8 350 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, оның ішінде 670 пациент стационарда, 7 680 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
Жалпы алғанда, 58 адамның жағдайы ауыр, 24 пациенттің жағдайы өте ауыр деп бағалануда. Тағы 12 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.
Айта кетсек, 17 наурыздағы мәлімет бойынша елімізде 78 адамнан COVID-19 анықталған болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1961378-elimizde-bir-taulikte-koronavirus-zuqtyrgandar-sany-azaidy/