Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Дикий Арманды" қамауда ұстау мерзімі ұзартылды

Опубликовано:

Ел арасында "Дикий Арман" аталып кеткен Арман Жұмагелдиев
Фото: Instagram/ armandzhumageldiev

"Дикий Арман" лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевті қамауда ұстау мерзімі ұзартылды. Ол екі бап бойынша күдікке ілінген, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісіне Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Дикий Арман" 7 ақпанда жаппай тәртіпсіздікке қатысты деген күдікпен 2 айға қамауға алынды.

Құзырлы органның бүгін таратқан ақпаратына сәйкес, Жұмагелдиевті қамауда ұстау мерзімі тағы бір айға - 7 сәуірге дейін ұзартылған.

Бас прокуратураның мәліметінше, қазір ол Ұлттық қауіпсіздік органының тергеу изоляторында отыр.

Сондай-ақ, Жұмагелдиев Қылмыстық кодекстің 272-бабы "Жаппай тәртіпсіздіктер" және 287-бабы "Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жарылғыш құрылғыларды заңсыз алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру" бойынша күдікті болып отыр.

Еске сала кетсек, Қазақстанның Бас прокуроры Берік Асылов мәжілісте қаңтар оқиғасына қатысты тергеудің мән-жайын баяндау барысында "Дикий Арманның" ұсталуына қатысты пікір білдірген болатын.

Оның сөзінше, Арман Жұмагелдиев пен оның тобының 14 адамы тұтқындалған.

Берік Асылов "мұндай адамдардың жоғалтатын ештеңесі жоқ еді, сол үшін олар түрлі қылмысқа барған: дүкендерді тонап, түрлі әкімшілік қылмыс жасады" деп мәлімдеген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1961412-dikii-armandy-qamauda-ustau-merzimi-uzartyldy/

pixel