Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әділет министрі елімізде жаңа облыстар қашан құрылатынын айтты

Опубликовано:

Нұр-Сұлтан қаласы
Нұр-Сұлтан қаласы. Фото: pixabay.com

Еліміздің Әділет министрі Қанат Мусин үкімет отырысында Қазақстанда жаңа облыстар қашан құрылатынын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Қанат Мусиннің хабарлауынша, Абай, Ұлытау облыстарын құру, Алматы облысын Жетісу және Алматы облыстарына бөлу, облыстар мен республикалық маңызы бар қала әкімдерінің орынбасарларын азайтуға байланысты президент жарлығы мен үкімет қаулысын қабылдау жоспарланып отыр.

"Осы блок бойынша президент жарлықтары мен үкімет қаулыларының жобасын 2022 жылдың маусым айында әзірленеді деп күтіледі. Әділет министрлгі заң жобаларын дайындауға қатысты тиісті дайындық жұмыстарын жүргізіп жатыр", - деді Мусин.

Еске сала кетсек, 16 наурызда Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында Ұлытау облысын құрып, оның орталығы етіп Жезқазған қаласын бекіту туралы бастама көтерген еді.

Сонымен қатар, мемлекет басшысы Семей аумағында Абай облысын құруды ұсынды.

Одан бөлек, президент Алматы облысының Жетісу және Алматы облысы болып екіге бөлінетінін айтты.

Жетісу облысының орталығы Талдықорған қаласы, ал Алматы облысының орталығы Қапшағай қаласы болмақ.

Осы ретте, президент егер жұртшылық Қапшағайға халқымыздың біртуар перзенті Дінмұхамед Қонаевтың есімін беруді ұсынса, онда бұл ұсынысты қолдайтынын мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1961416-adilet-ministri-elimizde-zana-oblystar-qasan-qurylatynyn-aitty/

pixel