Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қар, тұман, жел: Алдағы демалыс күндері елімізде ауа райы қандай болады

Опубликовано:

Құс
Көрнекі фото: Pexels

"Қазгидромет" РМК алдағы үш күнге, яғни 19-21 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде аязды, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Алайда 20 наурызда солтүстік, солтүстік-батыс аймақтарға өзге жер аудандарынан циклон әсер ете бастайды.

Циклон біртіндеп оңтүстік-шығыс бағытқа ауысып, 21 наурызда республиканың көп бөлігінде температура жоғарылайды, бірақ ауа райы нашарлап, қар жауады деп болжануда.

Ал оңтүстік және оңтүстік-шығыста қар аралас жаңбыр жауып, жел күшейіп, боран соғуы мүмкін.

Жалпы, республика бойынша тұман болуы ықтимал.

Еске сала кетсек, бұған дейін "Қазгидромет" РМК көктем мезгіліне арналған маусымдық ауа райы болжамын жариялаған еді.

Мамандардың дерегінше, наурыз айында республиканың басым бөлігінде жауын-шашын мөлшері нормаға жуық, ал Қазақстанның солтүстік-батысында нормадан артық болады деп күтілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1961444-qar-tuman-zel-aldagy-demalys-kunderi-elimizde-aua-raiy-qandai-bolady/

pixel