Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматылықтарға Ashyq және QR-кодқа арналған қосымшаларды өшіре беруге бола ма

Опубликовано:

Ашық
Көрнекі фото: NUR.KZ/ Петр Карандашов

Алматылықтарға Ashyq және QR-кодқа арналған қосымшаларды өшіре беруге бола ма? Бұл сауалға Алматы Кәсіпкерлер палатасының директоры Айтуар Қошмамбетов онлайн-брифинг барысында жауап берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Қазіргі таңда еліміздің бас санитарлық дәрігерінің 14 наурыздағы қаулысына сәйкес, эпидемиологиялық қауіп-қатер бойынша "сары" және "жасыл" аймақта орналасқан өңірлердегі Ashyq жобасының барлық қатысушылары шектеусіз жұмыс істей алады", - дейді ол.

Сонымен қатар, "сары" және "жасыл" аймақта орналасқан өңірлердегі нысандарда Ashyq мобильдік қосымшасын пайдалану міндетті болып табылмайды. Дегенмен субъектінің шешімі бойынша Ashyq арқылы нысанға кіру ерікті түрде жүзеге асырылуы мүмкін.

Айтуар Қошмамбетовтің сөзінше, ал "қызыл" аймақтағы өңірлер үшін Ashyq қосымшасын қолдану талабы әлі де сақталады.

"Сондықтан QR код пен қосымшаны өшіруге асықпаңыздар. Ведомствоаралық комиссия немесе үкімет басқа да шешім қабылдап жатса, онда қосымша хабарланатын болады", - дейді Алматы Кәсіпкерлер палатасының директоры.

Ол өткен жылы коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу және кәсіпкерлік нысандарды қолдау мақсатында Ashyq жобасы іске қосылғанын атап өтті. Қошмамбетовтің айтуынша, Алматы қаласы бойынша жобаға 24 270 бизнес субъектісі қатысқан.

Айта кетейік, қазір еліміздің барлық өңірі коронавирустың таралу көрсеткіші бойынша "жасыл" аймақта тұр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1961463-kasipkerler-palatasynyn-direktory-almatylyqtarga-ashyq-qosymsasyn-zoyuga-asyqpauga-saqyrdy/

pixel