Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда жасырын жұмыс істеген қаржы пирамидасы анықталды

Опубликовано:

қаржы пирамидасы11
Көрнекі фото: pixabay.com

Алматыда инвестиция саласындағы маркетинг компаниясының атын жамылып, жасырын жұмыс істеген "EDEN LIFE" қаржы пирамидасы анықталды. Бұл туралы ақпаратты Қаржы мониторингі агенттігі Telegram-каналында хабарлады деп, жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Ұйымдастырушылар өздеріне сенім артқан азаматтарға өзге салымшылардың қаражаты есебінен жиналған тиімді сыйақыны алуға кепілдік беріп, инвестициялық жобаларға ақшалай қаражат салуға ұсынған", - делінген хабарламада.

Қазіргі таңда бір топ адамның алдын ала сөз байласуы арқылы қаржы (инвестициялық) пирамидасын құру және оған басшылық ету дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған.

Осы орайда агенттік азаматтарды қырағы болуға және жинағын күмәнді саналатын қаржы ұйымдарына салмауға шақырып отыр.

Сондай-ақ, агенттік "Eden Life" қаржы пирамидасынан зардап шеккен азаматтар Алматы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне жүгіне алатынын атап өтті.

Мекенжайы: Жібек жолы даңғылы, 127.

Байланыс телефондары: 8-747-592-43-24, 8-701-858-67-67, 8-747-582-00-82.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1961480-almatyda-zasyryn-zumys-istegen-qarzy-piramidasy-anyqtaldy/

pixel