Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырау облысы әкімінің орынбасары Қайрат Нұрлыбаев кінәсіз деп танылды

Опубликовано:

Қайрат Нұрлыбаев
Фото: Ақ Жайық басылымы

Атырау қаласы №2 сотының үкімімен өңір әкімінің орынбасары Қайрат Нұрлыбаев пен "Бұйырғын" АӨК төрағасының орынбасары Нұрлан Бисембаев кінәсіз деп танылды. Бұл туралы Атырау облыстық соты ресми сайтында хабарлады.

Соттың мәліметінше, Қайрат Нұрлыбаев Атырау облысы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы бола тұра, өзінің қызмет бабын пайдалананып, АӨК төрағасының орынбасарымен сөз байласып, 83,7 млн теңге жымқырды деп айыпталған болатын.

Бұл қаражат субсидия ретінде берілген. Оның жартысын, яғни 41,9 млн теңгені Нұрлан Бисембаев иемденді деп айыпталған.

Сотта АӨК-ке инвестициялық субсидия 4 траншпен берілгені анықталған. Яғни АӨК-тің инвестициялық субсидия беру туралы өтініші және сараптама ұйымының өтінішті мақұлдауы Қайрат Нұрлыбаев ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы лауазымына тағайындалғанға дейін болған.

Соттың дерегінше, Нұрлан Бисембаев АӨК-те материалдық жауапты тұлға болып табылмайды. Ол алғашқы үш субсидияны алу кезеңінде ұйымда жұмыс істемеген және құрылтайшы болмаған.

Сонымен қатар, сот тергеу сотталушылардың қомақты қаржыны алдын ала сөз байласып, жымқырғандарын дәлелдейтін айғақтар ұсынбағанын атап өтті.

Сонымен бірге, сот сотталушылар инвестициялық қаражатты иемденбегенін, аталған қаржы АӨК-мен игерілгенін, бүгінде АӨК-ке тиесілі құс фабрикасы жұмыс істеп тұрғанын, салықты уақтылы төлейтінін мәлім етті.

Одан бөлек, сот 83,7 млн теңге көлемінде берілген субсидия толығымен бюджетке қайтарылғанын, қазіргі уақытта АӨК-нің азаматтық талап бойынша берешегі жоқ екенін айта кетті.

"Сот сотталушылардың әрекеттерінде қылмыс құрамының болмауына байланысты оларды кінәсіз деп таныды", - дейді Атырау қаласының №2 сотының баспасөз қызметі.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1961498-atyrau-oblysy-akiminin-orynbasary-qairat-nurlybaevty-kinasiz-dep-tanyldy/

pixel