Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақпарат және қоғамдық даму министрі әлеуметтік желілерді бұғаттауға қатысты қауесеттерге жауап берді

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pixabay.com

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаров әлеуметтік желілерді бұғаттауға қатысты алыпқашпа әңгімелерге нүкте қойды. Оның сөзінше, желілерді ешкім бұғаттайды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Бұл жерде кибербулинг мәселесі бар. Балаларды қорғау қажет. Қазір кейбір адамдар қауіптеніп отыр. Алайда ешкім әлеуметтік желілерді бұғаттамайды", - дейді Асқар Омаров.

Министрдің сөзінше, заң жобасында әлеуметтік желілерді бұғаттау өкілеттілігін ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне беру мәселесі қарастырылмаған.

"Неше түрлі жағдай болады ғой. Мәселен, оқушы қыздардың фотосын әлеуметтік желідерде жариялап, жағымсыз етіп көрсетеді. Ал балаларға қарсы қылмыстарға келер болсақ, біз олардың суретін жариялағанда бетін жабуды үйрендік ғой. Заң арқылы кибербулингке тыйым салғанымыз дұрыс", - дейді ол.

Еске сала кетейік, өткен аптада мәжілісте балалар құқықтарын қорғау туралы заң жобасы мақұлданды.

Тиісті құжаттың негізгі мақсаты – әлеуметтік желідегі кибербулингпен күрес.

Оған сәйкес, елімізде Facebook пен Instagram сияқты әлеуметтік желілердің өкілдері болады.

Олар ақпарат және қоғамдық даму минстрлігінің тапсырысы бойынша құқыққа қайшы контентті жойып отырады. Ол үшін кибербуллингке ұшыраған баланың ата-анасы министрлікке арыз түсіруі тиіс.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1961527-ministr-aleumettik-zelilerdi-eskim-bugattamaidy/

pixel