Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыдағы Баум тоғайынан қару жасырылған орын табылды (видео)

Опубликовано:

Табылған қару
Кадр: Polisia.kz ұсынған видеодан алынды

Алматыдағы Баум тоғайынан қару жасырылған орын табылды. Жасырын орын туралы жедел ақпарат қоныс колониясының қызметкерлеріне түскен, деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы қаласы бойынша ҚАЖД ЛА-155/13 мекемесі басшысының орынбасары Шәкір Юнусовтің айтуынша, хабарлама түскен соң мекеменің жедел бөлімінің қызметкерлері мен Алматы қалалық полиция департаментінің Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлерімен бірлесіп, жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізген.

Оның барысында Успенский көшесінен 200 метр қашықтықтағы Баум тоғайынан түрлі оқ-дәрілер сақталған орын табылған.

"Аталған дерек Түрксіб аудандық полиция басқармасында тіркелді. Тергеу жүріп жатыр", - дейді Шәкір Юнусов.

Кейін анықталғандай, жасырын жерде жаппай тәртіпсіздікке қатысқандар екі мылтық, револьвер, пышақ, Калашников автоматының патрондарын, Макаров тапаншасын, гранаталарды, оқ өтпейтін кеудеше пен полицияның жейдесін жасырған.

Сайттың мәліметінше, табылған заттардың кімге тиесілі екені тергеу барысында анықталады.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматыдағы ұлттық парк аумағынан қару-жарақ пен оқ-дәрі сақталған орын табылған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1961597-almatydagy-baum-togaiynan-qaru-zasyrylgan-oryn-tabyldy-video/

pixel