БҚО-да 40 тонналық жүк көлігі жолдың шетіне құлап кетті
Опубликовано:

Батыс Қазақстан облысында 40 тонналық жүк көлігі жолдың шетіне құлап кетті деп жазады Sputnik Қазақстан.
Облыстық төтенше жағдайлар департаменті хабарлағандай, оқиға 19 наурыз күні республикалық маңызы бар Самара-Шымкент жолының 523-524 шақырымында болған.
Жүк көлігін шығаруға Шыңғырлау, Сырым ауданы ТЖ қызметкерлері жұмылдырылды.
Олар аудан әкімдігінің көмегімен жүк көлігін тасжолға шығарды.
Көлік иесі Алматы облысынан Ресейдің Орынбор өңіріне бара жатқан болып шықты.
Ол көмек қолын созғандарға алғыс білдірді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1961644-bqo-da-40-tonnalyq-zuk-koligi-zoldyn-setine-qulap-ketti/