Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодарда түтінге оранған ауруханадан 27 бала эвакуацияланды

Опубликовано:

Павлодар облыстық ТЖД
Оқиға орнынан фото: Павлодар облыстық ТЖД

Павлодарда жылу трассасы құдығындағы қоқыстың жануы салдарынан балалар ауруханасын түтін басты, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Облыстық ТЖ департаментінің "101" пультіне жану туралы хабарлама сағат 20 .47-де түскен.

"Облыстық балалар ауруханасының сыртында ашық аумақта телекоммуникациялық құдықта ауданы 12 шаршы метр қоқыс жанған. Салдарынан облыстық балалар ауруханасының бірінші қабатында түтін тараған.

Аурухананың бес қабатты ғимаратынан көрші корпусқа өрт сөндірушілер 28 адамды, оның ішінде 27 баланы эвакуациялады, сондай-ақ аурухана қызметкерлері 9 адамды, оның ішінде 7 баланы сыртқа шығарды", - дейді департаменттегілер.

Оларлдың ешқайсысына медициналық көмек қажет болмаған. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Тілсіз жау сағат 21.20-да жойылып, өрт сөндіру қызметі аурухана ғимаратында түтінді жою жұмыстарын жүргізген.

Оқиға орнында Павлодар облысы ТЖ департаментінің 52 қызметкері мен 12 техникасы жұмыс істегені хабарланды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1961647-pavlodarda-tutinge-orangan-auruxanadan-27-bala-evakuaciyalandy/

pixel